top of page

ЗАМАНАУИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН (1991 ЖЫЛДАН БЕРІ)

Жаңа саяси жүйе

1991 жылғы 16 желтоқсанда Республиканың Парламенті Қазақстан Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Қазақстанның Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін бірден жаңа саяси жүйенің қалыптасу үдерісі басталып кетті, ол күшті президенттік билікпен сипатталатын және демократия мен негізгі адам құқықтары және еркіндігін құрметтеу қағидаттарына негізделген.

1992 жыл Қазақстанның халықаралық алаңға белсене шыққан жылы болды. 3 наурызда республика БҰҰ-ның мүшесі болды. Кейін басқа да халықаралық ұйымдарға кірді. Сол кездерде мемлекеттік рәміздер де әзірленді. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туы, 11 желтоқсанда Мемлекеттік Әнұраны бекітілді.

Заңнамалық және орындаушылық билік функцияларының арасын бөлу жөніндегі шаралар қабылданды, парламенттік реформа мен жергілікті билік органдарын қайта құру бойынша жұмыстар басталды.

1993 жылғы қаңтарда оны унитарлық, зиялы және демократиялық мемлекет деп жариялаған Қазақстан Конституциясы қабылданды.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін аса қатты дағдарыс кезеңінде алды.. Қаржы жүйесін тұрақтандыру 1993 жылғы қарашада ұлттық валюта – теңгені енгізу және ақша-кредит саясатын қатаңдату нәтижесінде мүмкін болды.

Нәтижеде 1995 жылдың өзінде-ақ инфляция деңгейін айына 4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді. 1996 жылдың аяғы 1997 жылдың басында экономикалық жүйені тұрақтандыру басталды, өнеркәсіптік өндірістің құлдырау қарқыны едәуір бәсеңдеді.

Елорданың көшірілуі

1997 жылғы желтоқсанда Қазақстанның елордасы Алматыдан республиканың орталығындағы облыстық қала Ақмолаға көшірілді. 1990 жылдардың ортасында Ақмола облыстық маңызы бар өнеркәсіптік және көліктік, ғылым-ағарту және мәдени орталық болатын, бірақ қала инфрақұрылымы жаңа Елорда мәртебесіне сәйкес келмейтін және айтарлықтай дамуды талап етті.

Елорданы көшіру туралы шешімді 1994 жылғы 6 шілдеде ҚР Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Көшірудің ресми себебі Алматының географиялық тұрған жері республиканың орталығы емес, оның оңтүстігінде орналасқаны, өзінің одан әрі даму мүмкіндігінің азаюы мен экологиялық және сейсмикалық жағынан қауіптілігі болды.

Кететіндердің негізгі ағыны – халықтың еңбекке қабілетті жастағы жігі, осыған байланысты өңірде экономикалық және әлеуметтік-демографиялық тұрақсыздығы үдерісі күшейе түсті. Елорданы көшірудің негізгі себебі – өңірлік этно-демографиялық теңгерімге қол жеткізуге, жұмыс орындарын қажет ететін оңтүстік өңірден халықты индустриялық дамыған солтүстік қалаларға көшуге ынталандыруға, халықты орталық және солтүстік қазақстанның өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне тартуға деген ұмтылыс болды.

ҚР Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола (1998 жылғы 6 мамырдан бастап – Астана) 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап, республиканың астанасы болып жарияланды және сол кездің өзінде-ақ мемлекеттік органдарды Ақмолаға көшіру басталып кетті.

Бүгінгі таңда Астана – бұл ауданы 200 шақырымнан асатын толыққанды ірі қала. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен – Бейбітшілік қаласы деген атаққа ие болды. Елордалық мәртебеге ие болып, «Астана – жаңа қала» сияқты ерекше экономикалық аймақ құрылғаннан кейін қалада көптеген заманауи сәулет-қала құрылысы жобалары бой көтереді.

Қазіргі таңдағы Қазақстан

Тәуелсіздік алған сәтінен бастап мемлекетіміздің алдында Қазақстан қоғамының ішінде этнос аралық келісімге қол жеткізу және оны сақтап қалуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу қажеттігі сияқты салмақты да күрделі міндет тұрды. Түйткілдің ауқымдылығы Қазақстанның ХХ ғасырдағы ерекшеліктеріне байланысты болды.

1995 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы (ҚХА) – консультативтік-кеңесу органының құрылуы қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасында ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеудің батыл құралдарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде Үкімет белгілеген басымдықтарға сәйкес еліміз күрделі бәсекелес және кейде тіпті жауыққан қатаң әлемде өзінің түсімді дамуын жалғастыруда. Республикамыз әлемдік саяси және экономикалық алаңдағы өзінің орнын ақырындап бекемдей түсуде. Қазақстанның 2010 жылғы ЕЫҚҰ-ға төрағалық еткені – осының жарқын дәлелі болып табылады.

Қазақстан өзінің мемлекеттігінің барлық жылдары бойында, бұл ретте өзінің егемендігін жоғалтудан қорықпастан, дәйекті түрде кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте бірігу саясатын жүргізіп келеді. Мұндай бірігудің мақсаты – өзін одақтастармен, дос елдермен орап алу, барлық түйткілдердің шешімін бейбіт арнаға ауыстыру.

Бүгінде Қазақстан көп тарамды сыртқы саясатты жүргізуде. Ол БҰҰ-ға мүше-елдердің барлығымен де тығыз дипломатиялық қарым-қатынаста, оның аумағында 140-тан астам шетелдік елшіліктер орналасқан. Қазақстанның сыртқы саясатын елдің Президенті мен парламенті айқындайды және оны Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады. Елдің негізгі геосаяси әріптестері ТМД-ға, Еуропалық Одаққа мүше-елдер, Қытай мен Таяу Шығыс елдері болып табылады.

Фазылов Рахмет Жаңаөзен қаласы 2016

bottom of page