

![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
---|---|---|---|
![]() |

Алматы (орыс. Алматы́ Ресейде — Алма́-Ата́; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату(Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 552 349 адам тұрады (2015). Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨбестен бір бөлігін өндіреді.
Алматы қаласының тарихы
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» - шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды.
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала
мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған.
10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады - Алматы.
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті..
4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды.
1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А. Калпаковский болды.
Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км.; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді. Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды.
Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-гвардейшы-панфиловшылар паркі).
Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (1839-1883).
1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен қаланған үйлер қирады.
1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.
Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия құрылды.
Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А. П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың принциптерінің жоспарын жасады.
1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар.
1909 ж. «Россия Полное географическое описание нашего Отечества» атты жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт, татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды.
Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала елтаңбасының авторы.
1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа атаулар пайда болды.
1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты тағайындады.
1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды.
1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді».
1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.
1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырыда басталды.
1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелер құрылысына бірінші болып беріле бастады.
Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26 мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
Тылдағы ерен еңбектері үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.
«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, медеу спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.
Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді.

Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.
Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсізгаздандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша,Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен
Тарихы
1865 жылы Воронежск губерниясының тұрғыны Е. Редько апорт алма ағашын Верный округінде (Болашақтағы- Алматы) өсірген. Оны Сиверс алмасымен будандастырғаннан кейін ол өте атақты болды. 1914 жылы бақ шаруашылығының бас инспекторы С. Перковский былай деген екен; "Верный қаласының көркі ретінде апорт алмасы мен орман сұлуының алмұрты атты жемістерді қабыл алуға болады. Редько өз Отанынан апорт алмасын әкеліп, Верныйдың қолайлы жері арқылы әлемге танылды. Ол басында апорт алмасын бақшасында, тек сосын ғана Колпаков атты генералдың бұйрығымен қалаға апорт алмасының ағаштарын еккен. Редьконың апорты арқылы Верный жемісті қала атағына йе болды."
ХХ ғасырдың басында апорт Ресейдің орталығында танымал болды. Орталықтың жірмеңкелері мен базарларында өте атақты болды. 1900 жылы Парижда апорт Верный уездінің үздік туындысы ретінде қарастырылып, үздік орынға йе болған. 1908 жылы Германияда өткен Мангейм көрмесінде мамандардың үздік бағасына қол жетті.

2009 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 500 теңгелік естелік монета пайда болды. Ол алматылық апортқа арналған болатын.
АЛМАТЫНЫҢ АПОРТЫ
Қарақат Әбілдина - Алматының алмасы
VII Қысқы Азия Ойындары

VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30-қаңтар мен 7-ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек.
Алматы қаласының нысандары Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық база. Осы нысандар 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жарыстарын жүргізуге қызмет етті.
Қаланың көрікті жерлері
28 БАТЫР-ПАНФИЛОВШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН САЯБАҚ
28 батыр-панфиловшылардың саябағы Алматы қаласының дәл ортасында 1975 жылы 8 мамырда салынған. Оның территориясында 1907 жылы биіктігі 56 метрлік ағаштан салынған, жер сілкінісінің 10 балдық көрсеткіші кезінде еш зақымдалмай өз қалпында қалған Вознесенский соборы орналасады. Шіркеуден алыс емес жерде Атақ мемориалы орналасқан, онда панфиловшылардың Кремльдің қабырғасын өз кеуделерімен қорғаған бейнелері салынған, сонымен қатар, әскери адамдардың Отанын қорғауда Жеңіс туралы берген анттары бейнеленген. Атақ мемориалының аяғы мәңгілік алау болып табылады.

МЕДЕУ
Оңтүстік астана Алматының ең көрікті жерлерінің бірі - Медеу мұз айдынының дүниежүзілік даңқы бар. Медеу - әлемдегі ең биік таулы спорт кешені, ертегі сарайы тәрізді көрініс тапқан мұз айдыны тау шатқалдарында теңіз бетінен 1961 метрде орналасқан. Тоғайлы жұмсақ климат,радиацияның жайма-шуақ үйлесімді деңгейі, атмосфера қысымының төмендігі, желсіздік, мұз айдынын жасайтын таза тау суы оның сапасының артуын қамсыздандырып, спорт жетістіктерінде биік белестерден көрінулеріне жағдай жасаған.
Бұл жерде 120-дан астам жоғары әлемдік рекордтар жасалған. Биік таудағы мұз айдыны ауа райының кез-келген уақытында да тамаша. Оның сұлулығына биік нүктеден де сүйсінуге болады. Оған сізді Мохнатка тауының баурайында салынған атақты өрлеу баспалдағы көтереді. Қаладан ол қалың ағаштармен көмкерілген жай ғана баурай болып көрінеді, аталуы да осымен байланысты. Өткен ғасырдың басында бұнда шіркеу үңгірі орналасқан. Осы күнге дейін мұнда қажыға барушылар келіп, құдайға құлшылық етеді. Демалыс күндері мұз айдынында конькимен сырғанау ұзақ жылдар бойы қала тұрғындарының ғана емес, Алматының қонақтарының да жақсы дәстүріне айналған.

КӨК-ТӨБЕ
Оңтүстік астана Алматының ең көрікті жерлерінің бірі - Медеу мұз айдынының дүниежүзілік даңқы бар. Медеу - әлемдегі ең биік таулы спорт кешені, ертегі сарайы тәрізді көрініс тапқан мұз айдыны тау шатқалдарында теңіз бетінен 1961 метрде орналасқан. Тоғайлы жұмсақ климат,радиацияның жайма-шуақ үйлесімді деңгейі, атмосфера қысымының төмендігі, желсіздік, мұз айдынын жасайтын таза тау суы оның сапасының артуын қамсыздандырып, спорт жетістіктерінде биік белестерден көрінулеріне жағдай жасаған.
Бұл жерде 120-дан астам жоғары әлемдік рекордтар жасалған. Биік таудағы мұз айдыны ауа райының кез-келген уақытында да тамаша. Оның сұлулығына биік нүктеден де сүйсінуге болады. Оған сізді Мохнатка тауының баурайында салынған атақты өрлеу баспалдағы көтереді. Қаладан ол қалың ағаштармен көмкерілген жай ғана баурай болып көрінеді, аталуы да осымен байланысты. Өткен ғасырдың басында бұнда шіркеу үңгірі орналасқан. Осы күнге дейін мұнда қажыға барушылар келіп, құдайға құлшылық етеді. Демалыс күндері мұз айдынында конькимен сырғанау ұзақ жылдар бойы қала тұрғындарының ғана емес, Алматының қонақтарының да жақсы дәстүріне айналған.

ЦИРК
Алматы циркі - қазіргі заманғы және әдемі ғимараты ғана емес, ең алдымен әлемге танымал мамандандырылған, өнерлі және ұйымшыл цирк әртістерінің ұжымы. "Номад" аттылы-акробатты тобы мен гимнастшылары халықаралық фестивальда алтын лауреат атағына ие болды. Алматы циркінің ұжымы 1970 жылы құрылды. Ал 1972 жылы цирктің Алма-Атада өз ғимараты болып,онда цирк өнеріндегі қазақ әртістері жиі өнер көрсете бастады. Цирк ғимаратының сыртқы келбеті мен заманауи пішіні Қазақстанның мәдени салтына сәйкестендірілген.

ЗООБАҚ
Алматы зообағы - қала шуы мен күнделікті тұрмыстан шаршаған адамдардың,достарымен және жақын адамдарымен демалатын орын болып табылады. Зообақ өзінің экзотикалық аңдарымен ғана емес, ертеден Қазақстан жерін мекендеп келе жатқан Пржевальск жылқылары мен барысымен таңқалдырады.
Алматы зообағы- Еуропа мен ТМД зообақтарының ішіндегі құстардың сақталуын қадағалайтын Еуропа бағдарламасына енген болып жыртқыш құстардың барлығы дерлік көбейетін зообақтарының бірі. Тұяқты жануарлар секциясының мақтанышы оңтүстік-африкалық керік, зебр, азиаттық пілдер, мүйізтұмсықтар, сусиыр болып табылады. Алматы зообағында әсіресе мысықтар тобына жататын жабайы аңдар: арыстан, амур және бенгалдық жолбарыстар, барыс, қиыршығыстық қабыландар, қара ібілсіндер, теңбілдер мен сервалдар кеңінен ұсынылған

БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ
Ең басты ботаникалық бағы 1932 жылы салынған және ауданы 108 га жерді алып жатыр. Бақтың топтамасында раушан гүлінің жүздеген сорттары, сәлдегүлдің, ақкекіренің, қызғалдақтардың, жұпаргүлдердің ондаған түрлері, сонымен қатар, ағаштардың және өсімдіктердің әртүрлі түрлері оның ішінде жеміс-жидек дақылдары кездеседі.
Бақ ішінде серуен кезінде раушан көшеттерін, емен, қылқанды ормандарына сүйсіне қарайсыз. Баққа тән өзіндік ерекшелік – оның бірнеше бөлімдерді қосатын экспозициялық оранжереясы, бұл жерде өсімдіктердің 1000 - нан астам түрлері –пальмалар, банандар, бамбуктер, кактустер, сулы тропикалық және басқа да түрлері кездеседі.

ШЫМБҰЛАҚ ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫ
Шымбұлақ тау шаңғысы курорты Іле Алатауының көрікті тау шатқалында 2510 метрлі биіктікте орналасқан. Жайлы климат, шуақты күндердің көптігі, тұрақты қар жамылғысы және табиғаттың таңғажайып көрінісі бұл жерге қысқы спорт түрлерін жақсы көрушілерді ғана тартып қоймайды. Бұл жерде өзін ең бірінші шаңғыға тұрғандар да сенімді сезінеді. Талғамыңызға сай тау бөктерлері мен трассалар өзіңіздің шеберлік деңгейіңізге сай, соның ішінде жылдамдықпен түсу трассасы және слалаом-гиганты трассалары, ыңғайлы көтергіштер, тау шаңғысы мектебі, отельдер, мейрамханалар, боулинг, моншалар бәрі талғамға сай жасалған. Дәл жандарында ең кішкентай демалушыларға арналған көтергіш-лифті бар балалар алаңдары да бар. Шымбұлақтағы қар жамылғысы желтоқсаннан сәуірге дейін тұрақты

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ
Алматы қаласының орталық мешіті –Қазақстандағы ең үлкен мешіттердің бірі. Орасан зор ғимарат 1999 жылдан бері жұмыс істеп, 7 мың келушілерге арналған. Орталық мешіттің айбынды ғимараты мәрмәр және түрлі-түсті қыш тақташалардан, қазақтың ұлттық сарында салынған. Мешіттің көгілдір күмбезінің диаметрі -20 метр және биіктігі -36 метр. Үлкен мұнарасы - 47 метр. 2000 жылы үлкен мұнараны түрік шеберлерінің каллиграфиялық орындауымен, Құранның аяттарымен жазылды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МҰРАЖАЙЫ
Орталық Азияның ең ірі және көне мұражайларының бірі, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы 1831 жылы Орынбор қаласында орынборлық губернатор, граф Сухтелевтың бастамасымен құрылды. Мұражайдың одан кейінгі өмірі жазушы, этнограф-зерттеуші, ерекше коллекцияларды жинауға көп еңбек пен күш төккен атақты В.И.Дальдің есімімен тығыз байланысты. 1920 жылдары мұражайдың қорына тағы да екі мұражай қосылды, оның бірі-Семиреченский казак әскерлері және республикалық дінге қарсы мұражайлары.

ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ
Бәйтерекпен тең келетін Қазақстанның Тәуелсіздік монументі Алматы қаласының орталық алаңында бой көтерген, монумент бейнелеу сарыны жағынан Алтын Адамды бейнелеуге ұқсас болып қазіргі Қазақстанның символы болып табылады. Ескерткіштің құрылысымен жұмыс жасаған Шота Уәлихановтың басшылығымен авторлық шығармашылық ұжым жұмыс істеді. Оңтүстік астананың көгілдір көгіне қалықтаған «алтын» адамды қанатты үйретілген барыс басқарады, ал оның жанында көрермендердің көз алдына ежелгі қазақ жерінің тарихы келеді.

АЛМАТЫДАҒЫ ЗЕНКОВТЫҢ КАФЕДРАЛЫ СОБОРЫ
56 метр биіктікке көтерілген ағаштан жасалған ғимарат аңызға сенетін болсақ, бірде-бір шегесіз XX ғасырдың басында инженер Андрей Зенковтың жобасымен салынған. Собордың алты бастауы, темір крест белгілерімен аяқталған, ал оның ішкі жазулары суретші Николай Хлудовпен орындалған. Ғимараттың ерекшелігі, оның 1910 жылы қатты жер сілкінісі болған кезде Алматының барлығы дерлік қираған кезде, собордың тек қана бір күмбезді кресті ғана қисайып қалынған деседі.

Ә.ҚАСТЕЕЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ
Ә.Қастееев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы еліміздің ұлттық құндылығы болып табылатын 22 000 - нан астам бірінші дәрежелі эскпонаттарды сақтайды. Ұлттық және әлемдік мәдениет маржандары мұражайдың 14 залында ұсынылған. Қазақстандық бейнелеу және қолданбалы өнер туындылар топтамасы жүйелі жоспарланған жұмыстың нәтижесі ретінде әртүрлілігімен және толықтығымен ерекшеленеді. Қолданбалы өнердің заттары қазақтардың барлық кезеңдердегі өмір сүру тұрмыс - тіршілігін көрсетеді. Жоғары көркемдік талғам мен асқан шеберлік көркемдік қолөнердің барлық түрлерінде көрінеді: тоқымашылық, кесте тігу, кигізден жасалған бұйымдар, тас және ағаштан жасалған нақыштар, ат әбзелдері, зергерлердің өнерлері.
