

![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
---|---|---|---|
![]() | ![]() |

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады (1 қаңтар 2015). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Атауы
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.
Тарихы
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
-
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
-
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
-
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
-
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
-
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
-
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Астана қаласының Бас жоспары
Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.
Қаланың көрікті жерлері
Нұр-Астана мешіті (ағылш. Nur-Astana Mosque), Астана қаласында орналасқан мешіт. «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды.

Хазірет Сұлтанның мұнаралы мешіті – бүгінгі Астананың қазіргі көрікті орындарының бірі. Бұл Орталық Азияның ең ірі мешіттерінің бірі, оның құрылысына бір жарым мың құрылысшы 2012 жылы ашылғанға дейін үш жыл уақыттарын кетірген. Ғимараттың өзі шығыс сарайларын еске салады және Астана қаласы сәулетінің ең әсем ескерткіші болып келеді.

Тәуелсіздік сарайы Астанадағы сәулет жарасымдылығының көркі Тәуелсіздік сарайы болып табылады. 60 000 шаршы метрден асатын алаңда кең залдар, галереялар, мұражайлар мен кинотеатрлар бар.
Басқа ғимараттардан ерекшелігін Сарай алдында орналасқан мемлекеттігімізді білдіретін ерекше монументтен-ақ байқауға болады. Оның орталық элементтері – тәуелсіздік алған жылымызды символмен көрсететін биіктігі 91 метр мәрмәр стела, сондай-ақ ұзындығы 120 метр колоннада. Стела астында еліміздің конституциясын бейнелейтін тақта орналасқан. Стеланың жоғарғы бөлігінде мифтік құс Самұрық орналасқан.
Жаңа Тәуелсіздің сарайында өткізілген алғашқы үлкен оқиға – Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшыларының отырысы болды.

Бейбітшілік пен Келісім сарайы Оны әлемнің сегізінші кереметі деп атайды. Бейбітшілік пен Келісім сарайы биіктігі және ені 62 м дұрыс пирамида пішінінде салынған.Имарат он бес метрлік жасанды үйінді үстіне орналасқан. Аты шулы мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өз жобасы үшін арнайы діни қалыпқа ұқсамайтын пішінді таңдаған.
Пирамида барлық әлемдік дәстүрлі дін өкілдерінің конфессияаралық қарым-қатынасқа түсу ортасы ретінде қызмет етеді. Бейбітшілік пен Келісім пирамидасы – толеранттылық идеясының апофеозы, Қазақстан халқы бірлігінің, оның үндестікке және гуманитарлық құндылықтарға талпынысының ескерткіші. Әлемдік дәстүрлі түрлі дін өкілдері жиналатын жерде Мәдениет мұрағатының, Өркениет университетінің, 1500 орындық Опера театрының орналасуы қисынды.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайы
Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайы бұрынғы Резиденцияда орналасқан. Мұражайда егеменді Қазақстан тарихына жататын және еліміздің Бірінші Президентінің өмір кезеңдерін, мемлекеттік және қоғамдық қызметін ашатын мұрағат құжаттары, ғылыми еңбектер, кітаптар сақталады. Үй бұйымдары, біртұтас кешенді құрайтын интерьерлер еш өзгермей сақталған. Бүгінде Мұражай жиынтығында 40 мыңнан астам көрме қойылымдары бар. Мұражай жиынтығының мақтанышы – Президент марапаттаулары болып табылады. Бұл жиынтықтың теңдесі жоқ, онда КСРО және Тәуелсіз Қазақстан, көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар марапаттаулары бар. Мемлекет Басшысына сыйға тартылған кітаптар ерекше қызығушылық тудырады. Оның көбінде қазіргі замандағы атақты адамдардың қолтаңбасы қойылғандықтан бірегей туындылар ретінде саналады.
«Ел және бейбітшілік» көрмесінде әлемнің 30 елінің 148 тамаша экспонаты (суреттер, мүсіндер, кәдесыйлар, декоративті-қолданбалы өнер туындылары) ұсынылды. Бұл шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің, халықаралық ұйымдар мен қорлардың, жетекші әлемдік компаниялардың, біздің республика азаматтарының Қазақстан Президентіне ұсынған сыйлықтары.




Астана-Бәйтерек монументі
Бәйтерек – тәуелсіз Қазақстанның символы Астананың ең көрікті орны ғана емес, сонымен қатар жаңартылған Қазақстанның визиттік карточкасы болып табылады.
Бұл монументті салу идеясын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған, мықты тірегі бар және болашақ гүлденуге талпынған және тұтас әлемдік қауымдастық үшін Қазақстанның тәуелсіздік символы болып табылатын мемлекетті бейнелейді.
«Бәйтерек» күн сайын әр түрлі жастағы және түрлі ұлт қонақтарын күтеді. Келушілер панорамалық лифттермен шыны «шарда» орналасқан ашық, кең залға көтеріледі.

Астана символының бірі – «Хан шатыры»
Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен сауда-ойын-сауық орталығы және шатыр пішінінде салынған әлемдегі ең биік ғимарат.
Атақты Норман Фостер туындыларының бірі. «Хан Шатыры» Астана сәулетіне тамаша сіңіп тұр, ол Президент резиденциясынан және үкіметтік ғимарат кешендерінен басталатын қала орталығының осін тізбектей жөнеледі.Шатыр жабыны имарат ішіндегі қолайлы микроклиматты ұстап тұрады. Тропиктік су бағы мен адам қолымен жасалған тамаша жағажайы бар шағын мүйіс ерекше ғажап.

«ШАБЫТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙЫ
Астананың шығармашылық көңіл-күйінің іске асуы «Шабыт» шығармашылық сарайы екені анық, ол төбесі қисайтыла тілінген конус формасын еске салады. Студенттер бұл жерге заманауи шығармашыл мамандықтар бойынша білім алуға келеді. Оның ішінде бейнелеу өнері, дизайн, балет өнері, хореография, мүсін, кино мен телехабар бар.

«ҚАЗАҚСТАН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТТІК ЗАЛЫ
Белгілі авангард жобалаушы Манфреди Николетти жобасымен орындалған концерттік залға келуге шақырамыз. «Қазақстан» орталық концерттік залы – астанадағы заманауи технологиямен жабдықталған, қандай болмасын ірі жұлдыз концерттерін, ресми және салтанатты кездесулер, көрмелер, презентациялар мен конференциялар өткізуге болатын алғашқы кешен.

«ҚАЗАҚ ЕЛІ» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
Астана қаласының бірден-бір көрікті орыны «Қазақ елі» мемориалдық кешені болып саналады. Мемориалдық кешен ұшар басында аңыздағы «Самұрық» құсының қол мүсіні мен «Тұңғыш Президент және оның халқы», «Қаһармандық», «Жасампаздық», «Болашақ» атты төрт қола барельеф бар стелла.
Монумент биіктігі 91 метр, ол Қазақстанның тәуелсіз ел болған жылы -1991 жылдың белгісі. Монументтік мәрмәр негізі ой-ниет тазалығы мен Қазақстан халқының этнос аралық үйлесімділігін білдіреді. Самұрық құсы бар стелла қазақстандықтардың ары қарай дамуы мен өркендеуге деген талпынысын айқындайды. Астанаға келген әр адам осы мемориалдық кешенге соқпай кетпейді, келген адамның назарын қуанта алатын сүйікті орындардың бірі.

«АСТАНА АРЕНА» ЖАБЫҚ СТАДИОНЫ
Астан қаласының қазіргі жаңа көрікті жерлерінің бірі «Астана Арена» жабық стадионы. Бұл 10 мың шаршы м. жылжымалы төбесі бар әлемдегі ұқсас 6 құрылыстың бірі. Ең алдымен мұнда футбол матчтары өткізіледі. Ол спорттың басқа түрлеріне – бокс, күрес, дзюдоға де жеңіл бейімделеді.
Стадионның инфроқұрылымы мен жасанды желегі халықаралық деңгейдегі матчтар мен концерттерді өткізуге мүмкіндік береді. «Астана Арена» жабық стадионында көрген іс-шаралар одан бетер қызықты және көрікті етіп жібереді.

ӘДІЛ СОТ ЕСКЕРТКІШІ
«Жарғы» қазақ құқығының ортасында ерекше әлеуметтік категория болған, ол билер, соттар мен сот билігінің символы, сонымен қатар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз басы заң шығарушы, ақпарат көздерінің, ережелер мен «Дала құқығы» әрекеттерінің білгіші, ақын және шешен, ең бастысы әділдікке берілген тұлға болған.
Бұл ескерткіш композициясы биіктікте отырған ұлттық бас киім мен киімін киген үш ақсақал болып келеді. Бұлар Төле-би, Қазыбек-би мен Әйтеке-би. 1998 жылы ашылған ескерткіш даланың қатаң әділдігі мен халық бірлігіне арналған болатын. Ескерткіш қала көркі болып саналады және қала қонақтары мен тұрғындарының сүйікті орындарының бірі.

АҚОРДА
Астана қаласының ғана емес, барлық Қазақстанның мақтанышы, ең көрікті жері Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы – Ақорда. Ақорда резиденциясы бірнеше қабатты. Бірінші қабатта салтанатты холл, қысқы бақ, пресс-конференция залы мен Республика Президенті атынан ресми қабылдаулар өткізетін салтанатты залы бар.
