top of page

ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС (XVIII)

Алайда саяси көзқарастың ала-құлалығы әр жүздегі кейбір хандар мен сұлтандардың өз бетінше дербестікке талпынуы, ішкі нарықтың болмауы қазақ хандығын әлсіретіп, халықтың сыртқы жаулардан қорғану әлеуетін төмендетті. ХІІІ ғасырдың басында Тянь-Шань мен Алтайдың арасын мекендеген монғол тайпалары – жоңғарлардың қазақ даласына шапқыншылығы жиілей бастайды. Сондықтан Тәуке хан үш жүздің басын қосу саясатын ұстанады. Қазақ хандығы ел ішіндегі қақтығыстармен, теке-тірестермен күресе отырып, сыртқы жаудың шабуылдарынан әлсірегеніне қарамастан өз тәуелсіздігі, ата-баба жері үшін атқа мініп, қолына қару алады.

Жоңғарларға қарсы соғыстың басты оқиғаларының тарихқа «Ақтабан шұбырынды» атауымен енген 1723-1727 жылдар куә. Осы оқиғадан кейін жалпықазақтық жиын (съезд) шақырылып, үш жүздің билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би айтқан мәмілемен жоңғар шапқыншылығына бас қосып, қол біріктіріп тойтарыс беру үшін халық жасақтарын құру туралы шешім қабылданады. Жоңғарларға қарсы халық майданының  1727 жылы Бұланты өзенінің аңғарында, 1729 жылы Аңырақай шайқасында берілді. Қазақтардың жоңғарларды түпкілікті жеңуіне Абылай ханның қолбасшылық таланты Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай сынды батырлардың ерлігі, ең бастысы, қазақ жүздерінің бір тудың астына бірігуі шешуші рөл атқарады.

Экономикасы әлсіреп, саяси дағдарысқа ұшыраған қазақ хандығының алдында өз тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Ресейдің қоластына кіру мәселесі туындайды. Бұл процесс 150 жылға жалғасады. Әбілхайыр хан Кіші жүздің өз еркімен Ресей құрамына қосылу шарттарын қабылдауға мәжбүр болады. Оған Барақ бастаған сұлтандар қарсы болады, бірақ олардың Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы қарсы жасаған әрекеттері жеңіліс тауып, қазақ сұлтандарының бір бөлігі 1731 жылдың қазанында қабылданған тарихи шешімді қолдап шығады.

Қазақстанның Ресейге қосылуы оның бейбіт түрде әскери колонияға бағынуын, Ресей саясатына бойұсынуды білдіретін еді. Алайда Абылай хан басқарған Орта жүз орыстардан алшақ жатса, Ұлы жүз әлі де жоңғарлар мен Қоқанд ханының ықпалында болады. Қалай дегенмен, Әбілхайыр ханның ант беруі Ресейдің Қазақстанның өміріне араласуы мен ықпалының тұрақты түрде арта түсуіне жол ашты.

 1741-1742 жылдары жоңғарлар Орта жүз бен Кіші жүзді басып алғысы келгенде, орыс шекара әскерлері араласып, оларға тойтарыс берілді.

Солтүстік-шығыс пен орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін енеді. Патша әскерінің ХІХ ғасырдың 60-жылдары ірі әскери күштерді қолдана отырып, Түркістан мен Әулиеатаны басып алуы Ресейдің Ұлы жүздің жерін толық басып алуына соңғы нүкте  қояды.

Фазылов Рахмет Жаңаөзен қаласы 2016

bottom of page