top of page

БӘЙГЕ

Бәйге – ұлттық спорттық ойын, қазіргі замандағы ат шабыстың аналогі деп те атауға болады. Ұзақ ара қашықтықтағы ойлы-қырлы жерлермен жүргізілетін ат шабысы қазақ халқына түркі халықтарынан келген, ойындағы  негізгі рөл салт аттының тактикалық шеберлігіне беріледі. 

Бәйгеге қатысу ғана емес, оны бақылап қараудың өзі де – керемет эмоционалдық көрініс екендігін атап кетуге болады. Бұл ойын ойын-сауық және жарыстан басқа, стратегиялық мәнді және үздіксіз соғысушы тайпалар үшін атпен жүре білу өмірлік маңызды машық болды.

КӨКПАР

Көкпар – ойынның негізі қозының терісіне таласу болып келеді. Көкпардың мақсаты жігіттер бойындағы күш жігерін, мықтылығын, қайраттылығын, пысықтылығын, икемділігін, ат үстінде дұрыс және мықты отыруын қалыптыстыру. Бір қызығы, көкпар аттың мықтылығын, жылдамдығы мен икемділігін дамытып, шеберлігі мен шыдамдылығын байқайтындығында.

Ойында ереже бойынша 10-15 жігіт қатыстырылып, қатысушылар ат үстінде қозыны немесе бұзауды жерден көтеріп барып, ойынды бастаулары керек. Қозының терісін бірінші болып құрметті адамның табалдырығына әкеліп тастаған жақсы, шыдамды ат мінген мықты да, икемді жігіт жеңімпаз атанады.

ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ​

Тоғыз құмалақ – «Шопандар алгебрасы» атағын алған математикалық тамыры бар, ескі қазақ ұлттық ойыны. Ескі аңыз бойынша, ауызша математикадан жарысуды жақсы көрген шопандар ойлап тапқан ойын. Тоғыз құмалақтың ойын тақтайы әр жағына 9 дан барлығы 18 ойықтан тұрады – және «қазан» деп аталатын екі жинақтау ойығынан тұрады. 

Қарсыластар әр ойыққа 9 қандай болса да түсті түйіршік шарды салады – ойын басында әр ойыншыда 81 шардан болады. Жеребе бойынша ойынды бастайтын ойыншы өз жағындағы қалаған ойықтағы бір шарды тастап, қалған барлық шарды қолына алып, солдан оңға қарай барлық келесі ойықтарға бір түйірден салып шығады, соңғы шар қарсыласының ойығына түсетін есеппен жасалады. Бұл ойықтағы шарлардың саны тақ болып шықса, олардың барлығы оның «олжасы» саналып, оның қазанына аударылады. 

Ойынды жалғастыру қарсыласына көшеді. Ойыншылардың қайсы бірінің ойығында ешқандай шар қалмаған жағдайда, оның қарсыласы барлық шарларды өз қазанына аударады.

АСЫҚ АТУ

Асық ату – зияткерлік топқа жататын қазақ ұлттық ойыны. Ойынға икемділік, мергенділік, көз өлшегіштілік, координация, дәлділік, жылдамдық, ептілік, тактикалық және логикалық ойлау қажет. Неше қадам алдыға ұмтылуын санап, дәл және тез асықты ату ойынның басты міндеті.

Бұл ойынның бірнеше түрі бар, ең көп таралған ойын – манай. Әр ойыншыда 2 асық және бір сақадан болады. Сақамен асықтарды атады, көп асық атып алған ойыншы жеңімпаз болады.

ҚЫЗ ҚУУ​

Қыз қуу – Ат үстіндегі қыз бен жігіттің жұптасқан жарыс, ұлттық ойыны. Басында жігіт қыз соңынан ереді, қуып жетіп сүйеді, екінші жартысында керісінше қыз жігітті қуып, қамшымен оны марапаттайды. 

Ойында атқа шаба білу өнері мен орындау әдемілігі, аттың жүйріктілігі  маңызды. Қатысушылар ұлттық киімде ұмытылмайтындай жарыс көрсетеді.

ҚАЗАҚША КҮРЕС​

Қазақша күрес – ұлттық қазақ күресі. Ойын мерекелер кезінде ұйымдастырылып тұрған. Палуандар матадан жасалған белбеуі бар әдейіленген шапандар киген. Ұстасудың мақсаты – қарсыласын арқасымен жерге лақтыру және жігіттер тек белбеумен тұрып күреседі.

Фазылов Рахмет Жаңаөзен қаласы 2016

bottom of page