top of page

ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС (XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)

Әлеуметтік-экономикалық ахуал ұлттық қозғалыстарды күшейтті. Сонымен қатар, қозғалысты басқару үшін дәстүрлі күштер мен Қазақстанда қалыптаса бастаған интеллигенция арасындағы талас өрбіді. Жалпыұлттық либерал-демократиялық оппозицияның көсемі болып, Әлихан Бөкейханов таңдалды. Ұлттық сананың оянуы негізінде түркі тілдес халықтардың үндесуі жүріп жатты. 1913 жылдан 1918 жылға дейін «Қазақ» газеті шығып тұрды.

Ресейдің Бірінші дүниежүзілік соғысқа тартылуы жалпыға ортақ экономикалық дағдарысты күшейтті. Қазақтардың еркіндік пен тәуелсіздік жолындағы күресіне алғышарттар туындатты. Патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы қазақтарды тылдағы жұмыстарға шақыру туралы жарлығы 1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық соғысының басталуына себеп болды.

Патша Жарлығына қарсы қозғалысты Б. Әшекеев, А. Иманов, Ә. Жанбосынов, Т. Бокин, т.б. басқарды.

1916 жылғы соғысты қазақтар Ресей империясының құрамында аяқтады. Ресейдегі ақпан революциясы патшаны тағынан құлатты. Елде қос өкімет: жұмысшылар мен солдаттар депутаттары Кеңесін қолдайтын пролетариат пен шаруалар билігі және өздерін уақытша үкімет деп жариялаған буржуазия мен помещиктер билігі құрылды.

Патша үстемдігі жойылғаннан кейін Қаазқстанда жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Кеңесі құрала бастады. Кеңестермен қатар буржуазиялық өкіметтің органдары: «атқару комитеттері», «азаматтық комитеттер» жұмыс істеп, Уақытша үкіметтің облыстық, ояздық комиссарлары сайланды.

Алаш қозғалысының туындауы

1917 жылы ақпан-қазан айларының аралығындағы Ақпан ұлт-азаттық қозғалысының дамуы қазақ қоғамында да әр түрлі топтардың саясатқа белсене араласып, саяси, кәсіби және жастар ұйымын құра бастауына әкелді. Ұлт-азаттық қозғалыстың өсуі мен дифференциалдық таптардың күшею үдерісінде олар таптық, әлеуметтік және саяси мәселелердің түйінді шешіміне тоқталды: біреулері большевиктердің туы астында социалистік революцияны жақтаса, ал енді біреулері «Алаш» туы астында буржуаз-демократиялық қазақ ұлттық автономиясын құру идеясын қолдады.

«Алаш» партиясы 1917 жылы шілде айында Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезінде ұйым болып тіркелді. Либералдық бағыттағы партия болды. Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы бірнеше айға – 1917 жылдың қазан айының соңынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына дейін созылды.

Қазан көтерілісін «Алаш» партиясы мен көшбасшылары қабылдамады. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан айларының аралығында Орынборда екінші Бүкілқазақ   съезін өткізді. Онда «Алаш» буржуазиялық автономиясын құру және «уақытша халық кеңесі» ретінде «Алашорда» үкіметін құру жөнінде жариялады. 1917 жылдың қазан айының соңы мен 1918 жылдың наурыз айының аралығында Кеңес билігі Қазақстан қалалары мен ірі елді мекендерде орнады.

Қазақстанның ауылдарында Кеңес билігінің орнауы азаматтық соғыс басталғанға дейін созылды. Тақтан айырылған қанаушы топтар мен шетел империалистері ұйымдастырған қарулы қақтығыс азамат соғысының құраушы бір бөлігі болды. Сондықтан азамат соғысымен салыстарғанда, жаппай қарулы қақтығыс сипатын алған жоқ.

1919 жылдың наурызында РСФСР ВЦИК-і «Алашордаға» рахымшылық жариялады. «Алаш» партиясының А. Байтұрсынов бастаған Торғайлық тобы Кеңес өкіметінің жағына өтті.

Фазылов Рахмет Жаңаөзен қаласы 2016

bottom of page