
ДОМБЫРА
Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы болып есептеледі, дегенмен көптеген түркі халықтарында да кездеседі. Домбыра барлық дерлік қазақ үйлерде кездеседі және ол қазақтардың өміріндегі ең маңызды және міндетті болуы керек заттардың бірі және кең таралған қазақ ұлттық аспаптарының бірі болып табылады.
Домбыра тұтас ағаштан жасалады және жиі екі шектен тұрады. Домбыраның пішіні ұзын мойыны бар алмұртты, квинттер мен кварттар ырғағына келтірілген қалыптар мен шектерге бөлінген.
Домбырада ойнаудың екі тәсілі бар-барлық саусақтармен шектерді тартып ойнау және шектерді шертіп ойнау. Домбыра өзінің жұмсақ, әншілік және қоңыржай дыбысымен адамның жан дүниесі мен қайғысының барлық жағдайын келтіре алады. Ертеде билердің дана шешімдері қолға домбыраны алып тартудан, ал ғашық жігіттер сұлу қыздардың жүректерін осы аспапта ойнау арқылы жаулаған.

ҚОБЫЗ
Қобыз – ысқымен ойналатын еуропалық аспаптардың бабасы болып табылатын қазақтардың музыкалық аспабы. Қобыз дәстүрлі түрде ең көне тәсілдердің бірі ағаштан жасалған. Қобызға жылқының өрілген 100 қылын екі ішек қылып тағады.
Қобызды екі тізенің ортасына виолончель сияқты қою арқылы қысқа жабысыңқы дыбыстарды шығарады. Ертеде қобызды дала бақсылары әртүрлі жоралар істеу үшін пайдаланған. Қобыздың дәстүрлі көрінісі- бақсылардың атрибуты, онда құпия сырлар, құдіретті күштер бар.
Қобыздың тірі бай обертоны және жылы тембрі адамның дауысын еске келтіреді. Қобызбен ойналатын күйлердің құдіретті маңызы – қоғамға, табиғатқа, жануарларға және бабалар аруақтарына әсер етеді.

МҮЙІЗ СЫРНАЙ
Мүйіз сырнай – ескі үрмелі мүштік аспап. Үш тесігі бар мүйізден жасалған. Мүйіз сырнай ащы дыбысымен ерекшеленеді. Бұрындары аспапты жорыққа шыққан кездерде дабыл беретін аспап ретінде қолданған.

ШАҢҚОБЫЗ
Шаңқобыз әртүрлі атаулары (варган, темірқомыз, шаңқауыз және т.б.) көптеген ұлттарда кездеседі. Көптеген жылдар бұрын бақсылық салттарды жасау барысында бақсы асқан шеберлікпен шаңқобызда ойнап табиғи дыбыстарды: жауын шуылы, көкектің дауысы, жүйріктің шабысы, тоқылдақ дауысы, желдің дауысы, судың бүлкілі және т.б. шығарады.

ШЕРТЕР
Шертер – бұл қысқа мойынды және мықты дыбыстауымен ерекшеленетін үш ішекті шертпелі музыкалық аспап. Шертерде ойнау домбыраға ұқсас.
Шертердің домбырадан ерекшелігі мойыны ұзын емес және қатты дауысы. Шертерді ағаштың тұтас бөлігінен жасайды, ағаштың жаны сақталып оның үні аспапта естіледі.

САЗ СЫРНАЙ
Саз сырнай – ескі үрмелі қазақтың музыкалық аспабы, байырғы ұлттық өнердің символы болып табылады. Саз сырнай саздан жасалады. Оның тембры жұмсақ және жылы, ол қуаныш пен қайғыны, құстардыңң әні мен жазық даланың гуілін бере алады. Бұрындары сазсырнай балалар мен жасөспірімдердің арасында белгілі болған.

СЫБЫЗҒЫ
Сыбызғы –бұл құдай берген аспапты, қурай деп аталатын өсімдіктің сабағынан жасаған. Формасы жағынан өте қарпайым және қолжетімді бұл аспап қазақ халқының арасында өте танымал. Оның дыбысы дірілді, тынышсыздық және қалшылды еске түсіреді.
Сыбызғы жаздыгүні жайлаудағы ең сүйікті аспаптардың бірі болып табылады, сонымен қатар, үйлену тойларындағы оркестрге де жақсы келеді, оны нәресте дүниеге келгенде де және құрметті қонақты қарсы алғанда да тұрақты түрде пайдаланады.
Сыбызғының тембрі-жұмсақ. Конструкциясының қарапайымдылығы орындау техникасының күрделілігімен толтырылады, онда тамақпен ән айту элементтері пайдаланылады.

ЖЕТІГЕН
Жетіген – қазақтың музыкалық аспабы, тікбұрышты ағаштан жасалған корпусы бар, жылқының қылынан жасалған жеті шекті аспап.
Жетігеннің шығуы туралы аңызда жұт кезінде әке жеті бірдей ұлынан бірінен соң бірінен айырылады. Балаларының өлімінен соң ол ағаштың бір бөлігін ұңғылап, оған бір-бірден шек тағып, күйлер тартады, ол жетігеннің атақты жеті күйлері деген атпен белгілі.
Жетіген тылсым аспап - ертеде аңға шығар алдында жындардың рухын көтеру мақсатында жетігенде ойнағанда сәттілік болады деп есептеген. Батырлардың ерліктерін жырлаған ежелгі түрік ақын-аңызшылары жетігенді пайдаланған екен.
