top of page

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ҚҰРАМЫНДА (XIX - XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)

ХVII ғасырдың ортасы мен соңындағы Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы Кіші жүздегі ішкі теке тіресті; Ресеймен экономикалық ара қатынастың кеңейгенін; айырбас сауданың дамығанын; жер қатынастарының шиеленіскенін; аграрлық мәселеде патшалық саясаттың отарлау сипат алғанын айқындайды. XVIII ғасырдың екінші жартысында жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруді ұтымды ұйымдастырған Абылай хандық құруымен айрықшаланады. Ол Ресей мен Қытай тарапына тең екі жақты бодандық саясатын ұстанып, келіссөздер жүргізді. Ол жүргізген терең өзгерістер өзінің тәуелсіз саясатын жүргізу арқылы қазақы феодалдық мемлекетті күшейтуге бағытталды.

Абылай ханның бұл саясаты Ресейдің билік басындағыларды Қазақстандағы хандық билікті жою мақсатын күшейте түсті. Бөкей (1817) мен Уәли хан (1819) өлгеннен соң, Ресей жаңа хандар тағайындамады. 1822 жылы «Устав о сибирских киргизах» негізінде қазақтарды басқаруды бір тәртіпке түсіруді көздеді.

Сперанскийдің реформасы мен ресейлік бақылаушылар өмір бойы мал бағып, көшіп жүрген қазақтарды жер өңдеуге күштеп көндіргісі келді. Бұл саясат қазақтар мен орыстар арасындағы эпизодтық қақтығыстар туындады. Бұл көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Ресей қазақ даласын орыстандыру саясатын тіпті күшейтіп жібереді. Соған қарамастан қазақ халқы 300-ден астам рет бостандық туын көтереді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресейдің отары болып үлгерген еді.

ХІХ ғасырдың соңында патшалық Ресейдің аграрлық отарлау саясаты қазақтардың көшпелі және отырықшы халық санының ара қатынасуының өзгеруіне жеткізді. Шаруашылық жүргізудің жартылай отырықшы-мал өсіруші, жартылай отырықшы-жер өңдеуші формалары қалыптасты. Қазақ қоғамының әлеуметтік өзгерістерге ұшырауы күшейді. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында Қазақстанда пайда болған өнеркәсіп орындарына кедейленген қазақтардың көше бастауы байқалады. Жергілікті көпестер сауданың жаңа түрі – жәрмеңкелерді ұйымдастырды. Ғасырдың соңғы он жылында Қазақстанда 482 шақырым темір жолы тартылды. Транзиттік сауда дамыды. 1851 жылғы Құлжа келісімі шеңберінде Қытаймен сауда байланысы күшейеді. Сауда жүйесіне жеке кәсіпкерлік пен үстемелі несие беру элементтері енді.

Қазақстанды одан әрі отарлау – елге капиталистік қатынастардың таралуына байланысты. Алыстағы ауылдардың өзінде таптық жіктелу, жаппай кедейшілік, күнкөріс үшін өнеркәсіп кәсіпорындарына ағылу отарлау және әлеуметтік езгіге қарсы қозғалыстарды туындатты. Столыпин рефомасынан кейін шаруалардың Ресейдің еуропалық бөлігінен шет аймақтарға жаппай көшуі, орталықтағы аграрлық мәселені шешу үшін мал баққан көшпенділердің иелігіндегі жайылымдық жеріне көз аларту, күш көрсетіп тартып алу деректері орын алады (1917 жылға текті қазақтар 40 миллион ондық жерінен айрылды).

Отарлаудың езгісі, салықтың өсуі, жерді тартып алу, мал шаруашылығының дағдаруымен қазақ халқының наразылығы мен билікке бағынбауын тудырды.

Фазылов Рахмет Жаңаөзен қаласы 2016

bottom of page