

АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ (XIV)
Қазақ халқының құрылу процесі негізінен ХІV-XV ғасырда аяқталды. Қазақтың алғашқы мемлекеті Қасым ханның тұсында (басқару жылдары 1511-1523) қалыптасты. Хақназардың тұсында (1538-1580) қазақ тайпалары көш салғанда Жетісу бойында Ұлы жүз, Орталық Қазақстанда Орта жүз, Батыста Кіші жүз қалыптасты да, әр жүздің рулық-туыстық байланысқа негізделген басқару жүйесі мен өздері сайлаған хандары болды. Соған қарамастан қазақтар бір ұлт болып қала берді. Үш жүздің бірігуімен бірге, өзара қақтығыстары да алма-кезек орын алды.
XVI ғасырдың екінші жартысында қазақ хандығының саяси күшеюі байқалды: рулар арасындағы шиеленістер шешілді; мал шаруашылығы мен жер өңдеу шаруашылығы, сауда қатынастары дамиды; Ресей және басқа жапсарлас елдермен қарым-қатынастар орнатылады.
Тәуке ханның тұсында мемлекеттік құрылым мен қоғамдық құқық нормалар жиыны – «Жеті жарғы» қабылданды

