top of page

БЕСБАРМАҚ

Бесбармақ– қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамы. Дәстүр бойынша бесбармақты қолымен жеуге керек, сондықтан атауы да "бес бармақ" сөзінен шыққан. 

Тағам бай сорпада қайнатылған,  бөліктерге бөлінген, жұқа жайылған қамырдан тұрады, оны табаққа салып, оның үстіне пісірілген сиыр немесе қой етін (көбіне, дәстүрлі түрде жылқы еті) кішкене қайнатылған пияз және хош иісті  жасыл салады.    Тағамға қосымша ретінде кесемен  хош иісті сорпа ұсынылады.   

БАУЫРСАҚ

Бауырсақ – шағын келген кішкене бүйрекшелер, ол ашытқы және ашытылмаған қамырдан, қазанда майға қуыру арқылы дайындалады. Бұл ерекше ұннан жасалған тағам, оны өз ретімен және қосымша ретінде де, мысалға сорпаға қосып беріледі.  Бал шырыны қосылған бауырсақты шай дастарқанына қоюға  болады.

ҚЫМЫЗ

Қымыз – қышқыл сүтті көбікті сусын, ақшыл түсті биенің сүті.    Қымыздың дәмі дәмді, ащылау-тәтті.   Жалпы нығайтатын және сергітетін дәмдік сапасы бар сусынды тек қана Қазақстанда ғана бағалап қоймайды.  

 

Қымыз ашыту мен дайындау жағдайына қарай әртүрлі болып келеді.    Қымыздың құрамында жоғары спирттің бар болуы адамды масайтатын  және қоздырылған күйге әкеледі.  Басқаша болуы да мүмкін, қымыз адамды босаңсыған, тыныш, тіпті ұйқы келтіретін күйге әкелуі мүмкін.  

 

Қымыздың құрамында сусынды антимикробты зат, нәрлі құндылық, адам ағзасында биологиялық үрдістерді ынталандыратын ашыту кезі үрдісінде  микроорганизмдерді шығаратын антибактериалды заттар бар.  Қымызды күнделікті пайдалану кезінде адамның тәбеті, асқорыту және пайдалы заттарды жинау, салмағы жоғарылауды жақсартады.  

АЙРАН​

Айран - түркі, солтүстік кавказ, оңтүстік кавказ және балкан халықтары арасында кең тараған қатық, айран негізіндегі қышқыл-сүтті сусын түрлері. Әр халықтар мен әр аймақта айран сусынының аталуы мен жасалыну технологиясы әр түрлі болып келеді. Сүтті қышқыл бактериялар арқылы алынатын жалпы бір сүтті сусын екені белгілі. 

Отырықшы халықтарда айран шөлді жақсы қандыратын сұйық консистенциялы, көшпенділерде – сақтауға және тасымалдауға ыңғайлы қою болып келеді.  Шөлді қандыру үшін қою айранды сумен, сүтпен, қымызбен араластырады.

ШҰБАТ​

Шұбат – қазақ халқының дәстүрлі жазғы қышқыл-сүтті түйе сүтінен алынатын сусыны. Бұл сусын демікпе, өкпе ауруы, бауыр суықтануы, диабет және псориаз ауруларына пайдалы ем. 

Шұбаттың дайындалуы өте қарапайым.  Түйенің жаңа саумал сүтін ағаш ыдысқа құйып, ұйытқысын қосып, жауып, ашуы үшін бір тәулікке қояды. Үстелге берер алдында шайқап беріледі.

ҚҰРТ​

Құрт –кептірілген ірімшіктен жасалған тағам, ащылау-қышқыл дәмді. Құрт ұзақ сақталынатын және тоқ тағам болғандықтан, көшпелі халықтан шыққан. Сақталуда күй талғамайтын, құрамында мол кальцийі бар құртты қазір де пайдаланады.

Фазылов Рахмет Жаңаөзен қаласы 2016

bottom of page