Мерекелер
1 Қаңтар – Жаңа Жыл
Қазақстанда Жаңа Жылды тойлау түбірімен сонау кеңестік Қазақстанға кетеді. Мерекені еуропалық дәстүр бойынша 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні тойлайды. Бұл Қазақстандағы жалғыз Жаңа Жыл емес, бұдан басқа шығыс дәстүрі бойынша Наурыз мейрамы да мерекеленеді. Екі бірдей Жаңа Жылды қарсы алу Қазақстан Республикасында ресми мереке күндері болып саналады.
8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні. Бұл күн қазақстанда аналар мерекесі болып саналады және мемлекеттік мереке күні болып табылады. Ең бірінші кезекте сыйлықтар аналарға арналап сыйланады. Дегенмен, барлық әйелдер: жұбайлар, әпке-қарындастар, қыздар, ұстаздар, құрбылар да назардан тыс қалып қоймайды.
22 наурыз – Наурыз мейрамы
Жаңа жыл шығыcдәстүрі бойынша көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылықтың және достықтың символы болып табылады. Жаңа жылдың бұл мерекесі астрономиялық күн күнтізбесі бойынша иран және түркі халықтарының жаңа жылдық мерекесі. Наурыз адамзаттың бейматериалдық мәдени мұрасы тізіміне ЮНЕСКО-ның қайталау іріктемесіне енгізілгеннен кейін, Халықаралық күн болып жарияланды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Мереке бізге мұра ретінде Кеңес Одағының барлық елдері еңбекші ынтымақтастығының Халықаралық күнін бірінші мамырда атап өтуінен қалды. Тәуелсіз Қазақстанда мереке Қазақстан халқының бірлігі күні деген мәртебені иеленді. Бұл күні басты көшелерде мерекелік шерулер өтеді, ал алаңдарда көңіл көтеретін іс шаралар жасалады.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қорғаныс күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Осы күннен бастап әскери атақтар мен марапаттар беру дәстүр болып қалыптасты.
9 мамыр – Жеңіс күні
1945 жылдың 9 мамырында Кеңес Одағы елдерінің әлемдік өркениеттің болашағын шешуіне Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуі үстем болды. Бұл күні Қазақстан халқы адам өмірімен келген жеңісті тойлайды. Бұл күні отан қорғаушыларға құрмет көрсетіліп, «мәңгілік алауды» еске түсіріледі. Осы күні концерттер ұйымдастырылады, ал кешке Қазақстан халқы мерекелік салютты тамашалайды.
6 маусым – Астана күні
Қазақстандағы астана күні өте қызықты деректермен, мемлекеттің астанасын Алма-Ата қаласынан Ақмола қаласына көшірумен байланысты. Кейін қала аттары өзгертілді. Бастапқы кезде астана күнін мерекелеу қала деңгейінде 20-шы маусым күні өткізілді. 2006 жылдан бастап астана күнін мерекелеу маусымның 6-на өзгертілді. Бұл күннің есте қаларлығы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниеге келді.
30 тамыз – Конституция күні Конституция - елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркіндігін, «оның ел ретінде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет, ал оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады (Н.Назарбаев). Бұл күні дәстүрлі түрде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
1 желтоқсан – Бірінші Президент күні. Бірінші Президенті күні. Қазақстан Республикасының Бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың конституциялық тіркелген ерекше орны бар. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдында сіңірген еңбектерін Қазақстанның тұрғындары Бірінші президент күні еске алады.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Тәуелсіздік күні негізгі ұлттық мереке. 1991 жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Содан бастап Тәуелсіздік күні жыл сайын тойланады. Мереке күні барлық қалалар мен ауылдарда мерекелік концерттер өткізіледі, кешке аспан фейерверктер мен салюттар сәулелерімен жарқырайды.