
Майкл Джексон
Michael Jackson
(1958-2009)

Майкл Джо́зеф Дже́ксон (1958 жыл Гери, Индиана - 25 маусым, 2009 жыл) - АҚШ Американдық әнші, биші, музыкант, актер , филантроп, кәсіпкер, продюсер, композитор, хореограф.Оның ән жанрлары:поп-музыка, ритм-энд-блюз, соул, поп-рок, фанк, диско, пост-диско. Джексон 5 жасында жетекші вокалист болып өнер көрсеткен ол 11 жасында халықаралық танымал әнші бола бастады, артынша барша әлемге танымал атақты «поп-музыка королі» атанады. Ең кеңінен мойындалған Куинси Джонс продюсердің жетекшілігімен жазылған келесі үш альбомы болды: «Off the Wall» (1979), «Thriller» (1982) және «Bad» (1987), соның ішіндегі «Thriller» Гиннесстің рекордтар кітабына тарихтағы ең жақсы сатылған диск ретінде енген. Джексон қоржынында 13 Грэмми марапаты бар, соншама рет оның әндері АҚШ сатылым чарты көш басшысы болды.Ол туралы жүрген өсек аяңдарға бас ұрмай өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шыққан.Майкл балаларды жақсы көрген.Жағдайы мен денсаулығы нашар балаларға миллиондап ақша аударып отырған. Атақты жұлдыз 25 маусым күні 2009 жылы 50 жасында қайтыс болған
Қолы :
